Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездесті

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездесті

14 мамыр, сенбі күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыстық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен кездесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы сайланған қоғамдық кеңестің төрағасы Киікбай Медеуовті жаңа қызметімен құттықтап, сайланған құрам алдында сөз сөйледі.

– Біздің алдымызда өте үлкен міндеттер тұр. Алға қойған мақсаттарға жету үшін мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері бірлесе жұмыс істеуі керек. Біздің басты міндетіміз – аймақтың дамуы мен қоғамдық келісім және ашықтықты қамтамасыз ету. Қоғамдық кеңес – мәселені шешу жолдарын ұсынатын ұйым. Сондықтан бар мүмкіндігімізді халық игілігіне жұмсауымыз керек. Әрбіріңіз облыстың дамуына оң үлес қосады деген сенімдімін, – деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кету керек, 12 мамырда аймақ басшысы бұған дейінгі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, қоғам үшін еткен қызметтеріне алғысын білдірген болатын.