Маңғыстаудан «Nur Otan» партиясы съезіне қатысатын делегаттар анықталды

Маңғыстаудан «Nur Otan» партиясы съезіне қатысатын делегаттар анықталды

Бүгін, 25 қаңтарда «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен саяси кеңесінің кезектен тыс мәжілісі өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Онлайн форматта ұйымдастырылған жиында 28 қаңтарда өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне Маңғыстау облысынан қатысатын делегаттарды сайлау мәселесі қаралды.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов Елорда төрінде өтетін съездге қатысатын өңір делегаттары туралы хабарлама жасады.

Жиын қорытындысы бойынша Маңғыстау өңірінен 14 делегат съездге қатысатын болды. Съезд онлайн өтеді.