Маңғыстау облысының Сайын Шапағатов елді мекенінде 32 шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілді

Маңғыстау облысының Сайын Шапағатов елді мекенінде 32 шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілді

2021 жылы Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов ауылдық округінде «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында 8 көшенің автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2 автомобиль жолының құрылысы жүзеге асты. Нәтижесінде, аталған елді мекенде жалпы көлемі 32 шақырым автожол пайдалануға берілді.

- Тұрғындар тарапынан автомобиль жолдарын салу жұмыстарын күшейту ылғи да айтылып келеді. Әлбетте, Тәуелсіздік жылдары құрылған округте жыл сайын автомобиль жолдары пайдалануға беріліп, елді мекен айтарлықтай үлкен қарқынмен дамып келеді. Былтыр елді мекен аумағында қолданысқа берілген 32 шақырым жолдың қаржысы республикалық бюджет есебінен бөлініп, арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асты. Нақтырақ айтсақ, елді мекеннің жоғарғы бөлігі және төменгі бөлігіне автомобиль жолдары төселіп, Бекенжанов, Шахатов, Шахшабасов, Тумышев, Қарайшықов көшелерінің және 4, 6, ескі 6 орамдардың жолдары орташа жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар жүйелі негізде алдағы уақытта да жүзеге асатын болады,- деді Сайын Шапағатов ауылдық округінің әкімі Сайран Қылыш.

Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі