Маңғыстау облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әкімшілік әділет саласына арналған құқықтық-практикалық конференция өтті

Маңғыстау облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай әкімшілік әділет саласына арналған құқықтық-практикалық конференция өтті

Маңғыстауда өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған құқықтық-практикалық конференция өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

«Тәуелсіз елдің адам құқықтарын қорғау бағытындағы реформалары. Әкімшілік әділет» тақырыбында ұйымдастырылған жиынға сондай-ақ, Маңғыстау облыстық соты төрағасының м.а. Ержан Қарабаев, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагер судьялар мен өңірдің судьялары қатысты.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиналғандарды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, судьялардың Қазақстанның құқықтық жүйесін дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

- Өткен ғасырдың аяғында халқымыз ұмыт болған құндылықтарын жаңғыртып, бірлікті қалпына келтіруі керек болды. Осы ұлы мұратқа қол жеткізу Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еншісіне тиді. Халық оған сенді және бар қиындықтарды еңсере отырып, бірге жеңіске жетті. Бұл жерде судьялар мен сот төрелігі саласындағы барлық ардагердің орасан зор еңбегін атап өту қажет. Сіздердің заңға, Қазақстанның мүдделеріне адал қызмет етулеріңіз, жауапкершілік пен адамгершілік, салмақтылық пен толеранттылық - халықтың Фемида қызметшілеріне деген құрметі мен сенімін нығайтудың кепілі, - деп түйіндеді Нұрлан Ноғаев.

Кездесу соңында өңір басшысы ҚР сот төрелігін жетілдіруге қосқан үлесі үшін бірқатар үздік сот қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.