Маңғыстау облысының тұрғыны Айшуақ Тайманов еліміздің үздік бүркітшісі атанды

Маңғыстау облысының тұрғыны Айшуақ Тайманов еліміздің үздік бүркітшісі атанды

30 қараша күні Елордада ұлттық спорттың үздіктеріне «Алтын Тұғыр-2021» сыйлығы табысталды. Көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, бәйге және құсбегілік бойынша «Үздік төреші», «Үздік жаттықтырушы», «Үздік федерация», «Үздік жоба» иегерлері марапатталды.

15 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Маңғыстау ауданындағы Тұщыбек ауылында тұраиын құсбегі Айшуақ Тайманов “Үздік бүркітші” атағына ие болды. Маңғыстаудың мақтанышы, ұлттық спорт жанашырын жеңісімен құттықтаймыз.