Вакцинаның бірінші дозасын әрбір екінші ересек қазақстандық алды

Вакцинаның бірінші дозасын әрбір екінші ересек қазақстандық алды

КВИ-ге қарсы вакцинаның бірінші дозасы әрбір екінші ересек қазақстандыққа егілді. Бүгінгі күні вакцинаның 8,6 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде бірінші компонент ойынша 5 230 750 адам егілді, бұл тиісті халықтың 52,8%-ын құрайды. Екінші компонентпен 3 436 617 адам қамтылды. Егу пункттерінде шамамен 713 мың бірінші компонент және 1 млн 300 мың екінші компонент бар, деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, деп хабарлайды zakon.kz.

Науқастардың 99,9%-ы вакцинацияланбаған, бұл иммундаудың қауіпсіздігі мен тиімділігін растайды. Бүгінгі күні вакцинация – бұл корновирустық инфекциядан болатын ауыр ағым мен өлімді болдырмаудың жалғыз тиімді әдісі. Сондықтан әрбір қазақстандықтан вакцинациялау туралы саналы шешім қабылдауды, өзін, өзінің жақындарын қорғауды және елімізде ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға өз үлесін қосуды сұраймын. Коронавирустың тұрақты түрде болатын мутациясы кезінде ұл қорғанудың жалғыз әдісі.

Цойдың сөзінше, соңғы екі аптада алдыңғы екі аптамен салыстырғанда жалпы республика бойынша барлық өңірлерде сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Сырқаттанушылықтың өсуі 1,9 есені құрап отыр. Маусым айымен салыстырғанда орташа тәуліктік сырқаттанушылық 5,2 есе өсті, елде инфекциялық және реанимациялық төсек-орынмен қамту 3 есе үдемелі түрде өскені байқалады.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесі өткен жылмен салыстырғанда екі есе жүктемемен жұмыс істейді. Өткен жылы сырқаттанушылық тәулігіне 2 мың адамға дейінгіні құраған болса, ғымдағы жылдың шілде айында сырқаттанушылықтың өсуі 3 еседен астамды құрады. Емделіп жатқан пациенттердің саны да 2 есеге артты, деді ол.

Бүгінгі күні еліміз бойынша 90 мыңға жуық адам науқас, оның 25 мыңға жуығы стационарларда, 65 мыңға жуығы амбулаториялық ем алуда.