МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР ҚЫРЫҚҚАБАТҚА ҚАРЫҚ БОЛАДЫ

МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР ҚЫРЫҚҚАБАТҚА ҚАРЫҚ БОЛАДЫ

Қарақия ауданы, Құрық ауылындағы “Еңбек” шаруа қожалығының иесі Алтыбай Базаров 1 гектар жерге қырыққабат егіпті. Алғашқы өнім дайын. 20 тоннаға дейін өнім алып, сатылымға шығармақшы.

Биыл облыста қырыққабат көптеп өсірілуде. Мұнайлы ауданында да 20 гектар жерге қырыққабат егіліпті. 600 тоннаға дейін өнім алу жоспарланып отыр.

Жергілікті жерден өнім өндіруді көбейткенде ғана бағаны тұрақтандыруға болады.