ЖАҚЫНДА БАЯНДЫДА ЖАҢА СУ ҚОНДЫРҒЫСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

ЖАҚЫНДА БАЯНДЫДА ЖАҢА СУ ҚОНДЫРҒЫСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Мұнайлы ауданында тұрғындарды ауыз сумен қамту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.

Бүгін аймақ басшысы С.Трұмов ауданға арнайы барып, Баянды ауылында тесттік режимде іске қосылған су тұщыту қондырғысының жұмысын көрді. Тәулігіне 3 мың текше метр суды тұщытатын мембрана 72 сағатта толық қуатына енеді. Бұдан бөлек, қазір Баянды ауылында туәлігіне 1 мың текше метрге дейін су тұщытатын мембрана жұмыс істеп тұр. Ақпан айының басында іске қосылған қондырғы “Құйылыс” жерасты су кенорнынан келген суды тұщытады. Бүгінде ол Баянды ауылын толықтай ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Алайда, Баянды 1,2,3 елді мекендеріне 3 күнде бір кезегімен су беріліп отырады. Алдағы уақытта екінші қондырғы толық қуатта іске қосылып, тәулігіне 4 мың текше тетр су тұщытылатын болса, Баяндыдан бөлек көршілес орналасқан Дәулет және Маңғыстау ауылының кейбір тұрғын үй массивтері де ауыз сумен қамтамасыз етілмек.

Жұмыс барысында облыс әкімі Мұнайлыдан тағы бір су тұщытатын мембрана құрылысын келер жылға дайындау туралы тапсырма берді. Аудан әкімі Р.Елтизаров келесі су тұщытатын мембрананы Қызылтөбе ауылынан орнату керектігін алға тартты. Сонда Қызылтөбе және Батыр ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады. Бұл өз ретінде "Caspi” су тұщыту зауытына жеңілірек болмақ. “Ол үшін "Құйылыс" жерасты суын әлі де тереңірек зерттеу қажет”,-деді С.Трұмов.

Бұдан бөлек, облыс әкімі бастаған жұмыс тобы Мұнайлы ауданында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша басталған құрама жем шығаратын зауытқа барды. Пилоттық режимде жұмысын бастаған кәсіпорын бүгінде тек құс фабрикасын жеммен қамтамасыз етіп отыр. Шілде айының соңында толықтай іске қосылғанда төрт түлікке қажетті жем шығармақ. Инвестициялық жобаның құны 2 млрд теңге. Қуаты сағатына 10 мың тонна.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.