ЖЕТІБАЙ АУЫЛЫНДА АСФАЛЬТ ЖАБЫНДЫСЫН ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ЖЕТІБАЙ АУЫЛЫНДА АСФАЛЬТ ЖАБЫНДЫСЫН ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

 

«Ауыл - Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жетібайдағы ауылішілік жолдарға асфальт жабындысын төсеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Қарақия аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асан Чукин мәлім етті.

"Аталған бағдарлама бойынша бұл жұмыстарды мердігер "Ақжол+К" ЖШС-і қолға алды. Олар "Жаңақұрылыс", "Күржіманұлы", "Әубәкіров" шағын ауданының 8 көшесіне асфальт жабындысын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жетібай ауылында іске асатын 4 жобаның жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайды»,-деді Асан Чукин.

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ