А.МАМИН: «МАҢҒЫСТАУ МЕН ШЫМКЕНТТЕ 7 КӨРСЕТКІШ БОЙЫНША ОҢ СЕРПІН БАЙҚАЛАДЫ»

А.МАМИН: «МАҢҒЫСТАУ МЕН ШЫМКЕНТТЕ 7 КӨРСЕТКІШ БОЙЫНША ОҢ СЕРПІН БАЙҚАЛАДЫ»

Бүгін Үкімет отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қаңтар-сәуір айларындағы қорытындылары жарияланды.

Ұлттық экономика министрі Ә.Ерғалиевтің баяндауынша, барлық 7 экономикалық көрсеткіш бойынша елімізде 2 өңірде оң өсім байқалды.

«Өңдеу, ауылшаруашылығы, құрылыс, тұрғынүйді пайдалануға беру, сауда, көлік, жеке инвестиция бойынша Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласында көрсеткіш жақсы»,-деді министр.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімі С.Трұмов орынбасарларына алдағы айда да оң көрсеткішке қол жеткізу үшін тиімді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі