АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР, ҚҰРМЕТТІ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ! ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

АРДАҚТЫ АРДАГЕРЛЕР, ҚҰРМЕТТІ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ! ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Ұлы жеңістің жетпіс алтыншы көктемі құтты болсын! Бұл мереке – ерлік пен елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы осы ұлы жеңістің жемісі.

Кеуделерін оқ пен отқа тігіп, жан аямай күрескен батыр аталарымыздың қаһарман-қайсарлығы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Сондықтан, осынау ерлікке толы мейрам тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Өкінішке орай әлемге төнген қауіпті індетке байланысты айтулы мерекені биыл да өз деңгейінде атап өту мүмкін болмай тұр. Дегенмен Отан үшін от кешкен батыр аталарымыздың ерлігі ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Бұл мақсатта майдангерлердің қайталанбас ерлік іздері насихатталып, түрлі онлайн шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Бейбіт күнге жеткізген майдангерлерімізге құрметіміз қашанда жоғары. Бүгінде облыс бойынша Ұлы Жеңістің 76 жылдығын қарсы алуға тағдыр жазып, ортамызда жүрген 6 соғыс ардагеріміз бар. Қадірлі қарияларымызға Маңғыстау халқының атынан алғысымызды айтып, сый-сияпатымызды жасадық. Әрқайсына 1 млн теңгеден берілді. Мерекелік сыйақы соғыс жылдары Отан үшін мінсіз қызмет етіп, тылда тер төккен азаматтарға да берілді. Жеңісті жақындатуға зор үлес қосқан аға-апаларымыздың еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 9 мамыр - Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға бақуатты тірлік, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, баянды бақыт тілеймін!

Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі
С.Трұмов