20-ҒА ЖУЫҚ БАС ТҮЙЕНІҢ ӨЛЕКСЕСІ ТАБЫЛДЫ

20-ҒА ЖУЫҚ БАС ТҮЙЕНІҢ ӨЛЕКСЕСІ ТАБЫЛДЫ

Каспий теңізі жағалауынан(Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жер, ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен жер) 20-ға жуық бас түйенің өлексесі табылды. Бұл жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы керек, дейді мамандар. Бүгін қатты толқын көтеріліп, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген.

Қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмыстарын қолға алып жатыр.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.