АҚТАУЛЫҚ БІР ТОП ЖАС ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

АҚТАУЛЫҚ БІР ТОП ЖАС ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

Бүгін Ақтау қаласы әкімдігіне қарасты "Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының" бір топ маманы короновирусқа қарсы “Спутник-V” екпесін салдыртты.

Алдымен дәрігердің тексеруінен өткен жастар, ешқандай кері әсер болмағанын айтып пікірлерімен бөлісті. Екпе салдырғаннан кейін 30 минут бойы дәрігер бақылауында болды. Енді мамандар 21 күннен кейін осы вакцинаның екінші компонентін алатын болады.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы сары аймаққа енді. Сондықтан Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты. 17 сәуірден бастап өңірде карантин талаптары күшейтіледі.