Маңғыстау облысында Министрліктің стратегиялық сессиясы өтті

Маңғыстау облысында Министрліктің стратегиялық сессиясы өтті

Бүгін, 2 наурызда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов пен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратованың  қатысуымен онлайн форматта  өткен Маңғыстау облысындағы АҚДМ Стратегиялық сессиясының алдын-ала қорытындылары айтылды. Тараптар Министрлік  жетекшілік ететін салалар бойынша өңірдің өзекті мәселелерін талқылады.

2021 жылдың 1-2 наурыз күндері ҚР АҚДМ стратегиялық сессиясы аясында Маңғыстау облысында 400-ден астам адамның қатысуымен 11 семинар және панельдік сессия өткізілді, олардың ішінде жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, ҮЕҰ, қоғам және БАҚ өкілдері бар.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері Маңғыстау облысының жұртшылығы, жергілікті мемлекеттік органдарының өкілдерімен мемлекет пен үкіметтік емес сектордың өзара іс-қимылы, конфессияаралық және этносаралық келісім, жастар және отбасы саясаты, ақпараттық саясат, ақпаратқа қол жеткізу мәселелері талқыланды.

«Маңғыстау облысындағы Министрлік күні» іс-шаралары барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландыру жобаларын, журналистерді аккредиттеу ережелерінің жаңа жобасын жүзеге асыру, 2020-2021 жылдарға арналған Медиасала мамандарын оқыту жөніндегі арнайы жоспарды әзірлеу, этносаралық қатынастарды дамыту және қандастарды бейімдеу саласындағы ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау, ведомствоішілік мониторинг және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және басқа да шараларды іске асыру мәселелері көтерілді.

Онлайн-іс-шараларда Министрлік қызметкерлері жұртшылық өкілдерінің бірқатар қызықтыратын сұрақтарына жауап беріп, орталық және өңірлік деңгейлерде жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша пікір алмасты.

Еске салса кетсек, стратегиялық сессиялар Қазақстанның барлық өңірлерінде ұйымдастырылуда және олар мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылын, қоғамдық мониторинг пен мемлекет қабылдайтын шешімдерді бақылауды одан әрі дамытуға бағытталған, сондай-ақ, бұл бастамалар ел Президентінің Жолдауында айтылған және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігі болып табылады.