ТҮРКІМЕНСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН 153 ҚАНДАСЫМЫЗ ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛДЫ

ТҮРКІМЕНСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН 153 ҚАНДАСЫМЫЗ ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛДЫ

2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп – қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын. Содан бері шетелдік қандастарымыз ел аумағына кіргізілген жоқ.

Үкіметтің қолдауымен бүгін барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, Қазақстанға көшіп келуге өтініш тастаған қандастарымыз өз еріктерімен тарихи Отанына қоныс аударды. Оларды Қазақстан -Түркіменстан шекарасындағы «Болашақ» станциясынан Қарақия ауданы әкімдігінің қызметкерлері мен туыстары күтіп алды. Қоныс аударушылардың ПТР тест сынамасының нәтижесі мен тиісті құжаттары тексеріліп, арнайы пойызға отырғызылды. Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Темір Жолы» «Жолаушылар тасымалы»» АҚ-ның демеушілігімен қандастарымыз мінген пойыз Жаңаөзен станциясына, одан кейін Маңғыстау станциясына келіп жетті. Өз бетімен көшіп келген этникалық қазақтардың бір бөлігі туыстарның үйіне жайғасса, бірқатары Жамбыл, Ақтобе облысы мен Алматы, Шымкент қалаларына аттанды.

Жергілікті атқарушы органдар «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2021 жылға арналған өңір квотасын белгілеу туралы» ҚР Еңбек министрлігінің бұйрығына сәйкес, келген ағайындарды өздері таңдаған өңірлерге жеткізуге дайын екендерін айты.