2020 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРМЕН КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

2020 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРМЕН КӨРСЕТІЛГЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

2020 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушыоргандармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты мәселелер қаралды.

Бүгін Маңғыстау облысы әкімдігінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты (бейнеконференцбайланыс арқылы) жиналыс өтт.

Аталған жиында өткен жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы талқыланып, алдағы уақытта сапасын жақсарту мақсатында қала және аудан әкімі аппарат басшыларына, облыстық басқарама басшыларына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі есептерін сапалы ұсыну, қоғамдық мониторинг нәтижелеріне талдау жүргізу және тиісті шараларды қабылдау, «Еgov.kz» порталын және электрондық қызметтердің танымалдылығын кеңінен насихаттау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тұрақты түрде енгізу және жаңарту, мерзім бұзушылықтарды және арыз-шағымдарды болдырмау, электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандардың компьютермен жабдықталуын қамтамасыз ету, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстарының сапалы өтуіне нақты ұсыныстар беру, ақпараттық жүйелерге күнделікті мониторинг жүргізу, ведомстволық бағынысты мекемелермен қызметтерді көрсету сапасын арттыру және оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.