ЗИЯТКЕРЛІК КӨЛІКТІК ЖҮЙЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР

ЗИЯТКЕРЛІК КӨЛІКТІК ЖҮЙЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР ТӨЛЕМ ҚАБЫЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЛАР

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының аясында «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде зияткерлік көліктік жүйе элементтері бар төлем қабылдау жүйесін енгізу туралы қоғамдық тыңдаулар өткізеді:

- А-33 «Бейнеу-Ақтау» км 332-786.
- А-33 «Атырау облысы шекарасы-Бейнеу» км 210-332, Р-1 «Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан Республикасы шекарасы» км 0-85.

Ағымдағы жылы, автокөліктер үшін төлем қабылдау жүйесін тесттік тәртіпте енгізу жоспарланған. Бұл учаске бойынша көлік құралдары үшін төлем қабылдаудың «ашық жүйесі» енгізіледі.

Қоғамдық тыңдаулар барысында ақылы жүйені енгізудің мақсаты мен артықшылықтары, төлем қабылдау жүйесінің жұмысы және төлем жасаудың түрлері, төлем мөлшерлемелері, төленетін сома мөлшерін есептеу және ақылы автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріледі.

Қоғамдық тыңдаудың өтетін күні, уақыты, орны:
Қарақия ауданы, 23 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Жетібай ауылы, мәдениет үйі ғимараты .
Маңғыстау ауданы, 23 ақпан 2021 жыл, сағ.15:00 (жерг.уақыт), Шетпе ауылы, аудандық әкімшілігінің ғимараты.
Бейнеу ауданы, 24 ақпан 2021 жыл, сағ.10:00 (жерг.уақыт), Бейнеу ауылы, «Ұстаздар үйі» ғимараты.