
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгін сағат 09:15-те үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде қалған екі әскери қызметшінің денесі табылды. Осылайша, оқиға болған аумақтағы іздестіру жұмыстары толық аяқталды.
Қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туысы мен жақындарына, сондай-ақ қаруластарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда.
Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына және зардап шеккен әскери қызметшілерге жан-жақты көмек көрсетілуде.
Қазіргі уақытта құзырлы органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде, қылмыстық іс қозғалды. Арнайы топ оқиғаның барлық мән-жайын және себеп-салдарлық байланыстарын анықтауда.
Тергеу барысында болған оқиғаға қатысты барлық сұрақтарға толық жауап беріледі. Әрбір дерек мұқият тексеріліп, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу және сот нәтижесінде кінәсі анықталған тұлғалар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Негізгі міндет – қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтап, қажетті шаралардың барлығын қабылдау.
Тергеу нәтижелері мен барлық ресми ақпарат қоғам назарына уақытылы жеткізіледі.