
Маңғыстау облысының жұртшылығы Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілердің ата-аналары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Әскери борышын өтеу кезінде азаматтардың қаза болуы – орны толмас ауыр қаза. Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айта отырып, осы ауыр сәтте баршаңызға сабыр мен күш-жігер тілейміз.
Қаза болғандардың жандары жәннатта, топырақтары торқа болсын.