Құрметті сайлаушылар!

Құрметті сайлаушылар!

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы учаскелік сайлау комиссияларының хабары

 

Құрметті сайлаушылар!

 

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі.

Сайлаушылар дауыс беруді өздерінің тіркелген тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскесінде жүзеге асырады.

             Маңғыстау облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жері туралы ақпарат:

- Ақтау қаласы бойынша 2026 жылғы 10 шілдедегі «Маңғыстау» №58-59 және «Огни Мангистау» №69-70 санындағы облыстық қоғамдық-саяси газеттерінде;  

- Жаңаөзен қаласы бойынша «Жаңаөзен» қалалық қоғамдық-саяси газетінің 2026 жылғы 10 шілдедегі №28 санында;

- Бейнеу ауданы бойынша «Рауан» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 2026 жылғы 7 шілдедегі №26 санында;

- Қарақия ауданы бойынша «Қарақия» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 2026 жылғы 10 шілдедегі №26 санында;

- Маңғыстау ауданы бойынша «Жаңа өмір» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 2026 жылғы 10 шілдедегі №26 санында;

- Мұнайлы ауданы бойынша «Мұнайлы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 2026 жылғы 7 шілдедегі № 26 санында;

- Түпқараған ауданы бойынша «Ақкетік арайы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің 2026 жылғы 7 шілдедегі №26 санында жарияланды.

Сонымен қатар, сайлаушылар өздерінің сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан жері туралы ақпаратты келесі жолдармен анықтауына болады:

-CALL-орталық 109:

-https://sailau.e-mangistau.kz/  сайтынан;

-https://t.me/man_saylaw_bot/ телеграм-каналынан. Ол үшін Сізге көрсетілген жолға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізу қажет.

-Маңғыстау облысының қалалық, аудандық әкімдіктің www.gov.kz ресми веб-сайтындағы «Сайлау» бөлімінен.

Дауыс беруге келген кезде Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке басын куәландыратын құжатты өзіңізбен бірге алып келу қажет немесе цифрлық нұсқасын пайдалануға болады.

 

 

Тиісті учаскелік сайлау комиссиялары