МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 75 НАУҚАС ЖАТЫР

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 75 НАУҚАС ЖАТЫР

Маңғыстауда 23 қарашадағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 75 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды.

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 75 науқастың ішінде 7-нде коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 62, жағдайы ауыр халде 11 науқас, өте ауыр хәлде 2 науқас бар.

Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 19 пайызды құрайды.

Облыс көлемінде 397 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған
карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.