МАҢҒЫСТАУ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ 100 ПАЙЫЗ ЖАҢАРТЫЛДЫ

МАҢҒЫСТАУ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ 100 ПАЙЫЗ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов журналистерге арналған баспасөз - конференциясында коронавирустық инфекцияның ықтимал екінші толқынына белсенді дайындық барысында аймақтағы медициналық ұйымдарында материалдық-техникалық базалардың барынша жасақталғанын айтты. Пандемияның екінші толқынына дайындық барысында соңғы үлгідегі 200 төсек орынмен жабдықталған модульдік стационар ашылды. Қосымша 11 инфекциялық стационар толығымен жабдықталып, резервте дайын тұр. Онда 2452 инфекциялық және 131 реанимациялық төсек-орны бар. 7 компьютерлік және 4 магниттік-резонанстық томограф алынды. 2 жылжымалы медициналық кешен, 1 жылжымалы зертхана бар.
«Медициналық ұйымдар 260 ИВЛ аппараттарымен және 638 оттегі концентраторларымен толықтай қамтылды. Ең бастысы облыстағы жедел-жәрдем авто паркі 100 пайыз жаңарып, 85 санитарлық көлікпен толықты. Қазір Маңғыстауда жағдай тұрақты. «Жасыл» аймақтамыз. Індет жұқтырушылардың санын арттырмай, жағдайды барынша бақылауда ұстауға жұмыстанудамыз. Ол үшін облыс көлемінде арнайы мониторинг топтары құрылып, тамыз айынан бері 800-ге жуық рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Осындай қатаң карантиндік шаралардың арқасында өңірдегі жағдайды бақылауда ұстап отырмыз», -деді облыс әкімі С.Трұмов.