МАҢҒЫСТАУДА 5 МЫҢ ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

МАҢҒЫСТАУДА 5 МЫҢ ТОННА ҚҰС ЕТІН ӨНДІРЕТІН ІРІ ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Биыл Маңғыстауда жыл соңына дейін бірқатар инвестициялық және әлеуметтік нысандарды ашуды жоспарланып отыр. Солардың бірі - Түпқараған ауданында жылына 5 мың тонна құс етін өндіретін ірі фабрика.
Бұл 5 млрд. теңгенің жобасы, 100-ге тарта адамды жұмыспен қамтиды. Сондай-ақ, осы ауданда құрама жем зауыты, Жаңаөзенде газ өңдеу зауытына қажетті энергия өндіретін кәсіпорын, Жетібайда жел электрстанциялары ашылады. Бұл туралы ОКҚ өткен онлайн-брифингте Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов айтты.
«Бұдан бөлек, құрылысы бірнеше жылға созылған онкологиялық диспансерді де аяқтап, пайдалануға береміз. Ақтауда жұқпалы аурулар ауруханасы, 900 орындық жаңа мектеп, кітапхана мен көпсалалы спорт кешенін ашып, халықтың игілігіне береміз», - деді облыс әкімі.
 
 
Ақпарат үшін:
Жыл соңына дейін іске қосылатын ауқымды әлеуметтік және инвестициялық жобалар:
- Ақтау қаласында 100 орындық жаңа онкологиялық диспансер;
- Ақтау қаласында жұқпалы аурулар ауруханасы;
- Ақтау қаласында 900 орындық мектеп (34 шағын аудан);
- Ақтау қаласында облыстық кітапхана (20 шағын аудан);
- Ақтау қаласында көпсалалы спорт кешені (20 шағын аудан, жалпы ауданы 18 мың шаршы метр);
- Мұнай-химия кешені (Ақтау қ. «Onis Petroleum» ЖШС - 7,5 млрд. тг.,                             40 жұмыс орны);
- «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС үшін электр энергиясын өндіру (Жаңаөзен қ., «Оралмұнайпром» ЖШС - 5,4 млрд. тг., 50 жұмыс орны);
- Құс фабрикасы (Түпқараған ауданы, «Ақтау Агро» ЖШС - 5,0 млрд. тг.,                      91 жұмыс орны);
- Құрама жем зауыты (Түпқараған ауданы, «Жамалбек» ЖШС - 1,7 млрд. теңге, 30 жұмыс орны);
- Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу жөніндегі кешенді жаңғырту, 2 кезең (Ақтау қ., «Mangystau OiL Refining» ЖШС - 2 млрд. тг., 50 жұмыс орны);
- Қуаттары 10 МВт/сағ және 5 МВт/сағ Жетібай жел электрстанциялары (Қарақия ауданы, «ВЭС Сервис» ЖШС - 1,9 млрд. тг., 20 жұмыс орны, «ВЭС Жангиз» ЖШС - 975 млн.тг., 10 жұмыс орны);
- Мұнай кәсіпшілігі және бұрғылау жабдықтарын өндіру, қызмет көрсету бойынша өндірістік цех (Ақтау қ., «OSS Kazakhstan» ЖШС - 1,1 млрд. тг., 50 жұмыс орны).