МАҢҒЫСТАУДА 161 ШАҚЫРЫМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

МАҢҒЫСТАУДА 161 ШАҚЫРЫМ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Маңғыстауда «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында құны 26,3 млрд. теңгенің 9 инфрақұрылымдық жобасы іске асырылып жатыр. Сондай-ақ, өңір тұрғындарының көптен бері көтеріп жүрген мәселелерінің бірі - қала және ауылішілік жолдарды күрделі жөндеуден өткізу болатын. Биыл осы мәселені шешуге мүмкіндік туды. Нәтижесінде 10 айдың ішінде 161 шақырымды қамтитын 2 жоба аясында автомобиль жолдарының реконструкциясы аяқталды. Оның ішінде 64 шақырымды құрайтын республикалық маңыздағы «Жетібай – Жаңаөзен», облыстық маңыздағы 97 шақырым «Ата жолы» автомобиль жолы бар.
Сондай-ақ, биыл  477 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық, ауылішілік жолдардың құрылысы мен орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасының көмегімен Бейнеу ауданында 44 көшеге, Маңғыстау ауданында 13 көшеге, Түпқараған ауданында 25 көшеге асфальт төселді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы арқылы Ақтау қаласының шағынауданішілік жолдары жөндеуден өтті. Атап айтқанда, 6 бірдей шағынаудандағы 136 мың шаршы метр жол жөнделді. Бұл да ақтаулықтардың көптен бері көтеріп жүрген мәселелерінің бірі еді», -деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.