
Маңғыстау тұрғындары сайлау учаскесін онлайн біле алады
Маңғыстау облысының тұрғындары өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін, сондай-ақ учаскенің нөмірі мен орналасқан жерін онлайн режимде біле алады.
Ол үшін https://sailau.e-mangistau.kz/ сайтына немесе https://t.me/man_saylaw_bot/ Telegram-ботына кіріп, арнайы жолаққа жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу жеткілікті.
Егер аталған платформалардан азамат туралы ақпарат табылмаса, тұрғылықты жері бойынша жергілікті әкімдіктердің CALL-орталықтарына хабарласуға болады.
Ақпараттық қолдау келесі байланыс нөмірлері арқылы көрсетіледі:
Ақтау қаласы
Мекенжайы: 4-шағын аудан, №72 ғимарат, Ақтау қаласының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (7292) 30-13-38, 8 (700) 430-13-38.
Жаңаөзен қаласы
Мекенжайы: Сәтпаев көшесі, №1 ғимарат, Жаңаөзен қаласының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (72934) 4-86-14.
Бейнеу ауданы
Мекенжайы: Бейнеу ауылы, Д. Тәжиев көшесі, №10/1 ғимарат, Бейнеу ауданының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (72932) 2-15-76.
Қарақия ауданы
Мекенжайы: Құрық ауылы, Досан батыр көшесі, №8 ғимарат, Қарақия ауданының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (72937) 2-21-91.
Маңғыстау ауданы
Мекенжайы: Шетпе ауылы, «Орталық» шағын ауданы, №2 ғимарат, Маңғыстау ауданының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (72931) 2-14-51.
Мұнайлы ауданы
Мекенжайы: Маңғыстау ауылы, 16-квартал, №11 ғимарат, Мұнайлы ауданының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (7292) 46-62-31.
Түпқараған ауданы
Мекенжайы: Форт-Шевченко қаласы, Д. Тәжіұлы көшесі, №13 ғимарат, Түпқараған ауданының әкімдігі.
CALL-орталығы: 8 (72938) 2-22-90.
109 бірыңғай байланыс орталығы
Байланыс нөмірі: 109.