
Баршаңызды Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Домбыра – халқымыздың рухы мен болмысын, тарихы мен тағдырын бойына сіңірген қасиетті мұра. Оның қоңыр үні ұлттың жадын жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ел бірлігін нығайта түседі.
Киелі Маңғыстау – күй өнерінің алтын бесігі. Бұл өңірдің күйшілік дәстүрі – халқымыздың баға жетпес рухани қазынасы. Сондықтан ұлттық өнерді ұлықтап, оны жас ұрпаққа насихаттау – бәріміздің ортақ міндетіміз.
Осынау айтулы күні ұлттық өнерді дәріптеп жүрген күйші-домбырашыларға, өнер ардагерлеріне, ұстаздарға және мәдениет саласының қызметкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, әр шаңыраққа амандық тілеймін! Қасиетті қара домбырамыздың күмбірі халқымыздың рухын асқақтата берсін!
Ұлттық домбыра күні құтты болсын!
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрдәулет Қилыбай