Маңғыстау облысының әкімі Өмірзақ Озғанбайұлын 85 жас мерейтойымен құттықтады

Маңғыстау облысының әкімі Өмірзақ Озғанбайұлын 85 жас мерейтойымен құттықтады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбайұлын 85 жас мерейтойымен құттықтады.

Аймақ басшысы мерейтой иесіне арнайы құттықтау хатын табыстап, оның елдің ғылымы мен қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.

Өмірзақ Озғанбайұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ол тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, мемлекеттік қызметтің түрлі салаларында абыройлы еңбек етті. Сонымен қатар ұлт тарихын зерттеу, Алаш қайраткерлерінің мұрасын зерделеу бағытында маңызды ғылыми еңбектер жазып, отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосты.

Облыс әкімі Өмірзақ Озғанбайұлының туған жерге, ұлттық руханиятқа және жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан еңбегін жоғары бағалап, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және шығармашылық табыс тіледі.

«Ғылым мен білімнің, ұлттық тарих пен руханияттың дамуына қосқан үлесіңіз зор. Әсіресе Алаш мұрасын зерттеудегі еңбектеріңіз жоғары бағаланады. Сіздің тарихи зерттеулеріңіз бен ғылыми ізденістеріңіз нәтижесінде жарық көрген іргелі еңбектеріңіз келешек ұрпақ үшін құнды рухани-ғылыми мұра болып қала береді», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Өз кезегінде Өмірзақ Озғанбайұлы көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіріп, өңірдің дамуына бағытталған жұмыстарға сәттілік тіледі.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі