
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында кезектілік тәртібімен жазылған тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер мәселесі, әлеуметтік қолдау, еңбек даулары және инфрақұрылымға қатысты мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Мұнайлы ауданы Атамекен ауылындағы жерасты суының көтерілуі салдарынан тұрғын үйлерді су басу мәселесі, балалар ойын алаңын салу, тұрғын үй кезегі, өндірістік мекемелерге жұмысқа орналасу және еңбек құқықтарына қатысты өтініштер қаралды.
Өңір басшысы әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді заң аясында қарастыру үшін жауапты басқармалар мен жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі