
Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті де қастерлі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – имандылық пен ізгілікті, жанашырлық пен мейірімділікті дәріптейтін ұлық мейрам. Бұл күндері халқымыз ата-бабадан жалғасқан игі дәстүрлерді жаңғыртып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, сауапты істер жасауға ұмтылады. Айт мерекесі адамдар арасындағы татулық пен бауырластықты нығайтып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың арта түсуіне ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Құрбан айт – «ырысты ынтымақтың мерекесі». Расында, халқымыздың берекелі бірлігі мен өзара сыйластығы осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі. Біз татулық пен тұрақтылықты сақтай отырып, ел игілігі жолындағы барлық мақсаттарға бірге жетеміз.
Айт күндері жасалған барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болып, шалған құрбандықтарыңыз бен қайырымды амалдарыңыз сауаптан жазылсын!
Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай