МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 83 НАУҚАС ЖАТЫР

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРЛАРДА 83 НАУҚАС ЖАТЫР

Маңғыстауда 16 қарашадағы жағдайға сәйкес, I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 83 адам ем қабылдап жатыр. 

Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 83 науқастың ішінде 4-нде коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 73, жағдайы ауыр халде 9 науқас, өте ауыр хәлде 1 науқас бар.

Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп.
Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 25 пайызды құрайды.

Облыс көлемінде 335 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43.
Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған
карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.