
Баршаңызды жер-жаһанға шуақ шашқан, береке мен бірліктің, жаңару мен жаңғырудың бастауы болған Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – табиғат пен адамзаттың үндестігін айшықтайтын, татулық пен ынтымақты дәріптейтін, ізгілік пен мейірімге үндейтін қастерлі мейрам. Бұл күн – өткенге тағзым жасап, болашаққа сеніммен қарауға үндейтін, елді бірлікке бастайтын ерекше мереке.
Бабаларымыз «Ынтымақ түбі – игілік, тірлік түбі – бірлік» дегендей, елдің ынтымағы мен жердің берекесі бәрінен қымбат деп санаған. Татулық салтанат құрған қоғамда әрдайым тұрақтылық пен даму орнығады.
Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтып өткендей, Наурыз – халқымыздың рухани бай мұрасының, ұлттық бірегейлігіміз бен ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі. Бұл мереке қоғамды жақсылыққа, жасампаздық пен жауапкершілікке жетелейді.
Ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүріміз бен асыл құндылықтарымыз Наурызбен біте қайнасқан. Кең дастархан жайып, ақ тілегін арнаған халқымыз әрдайым елдің тыныштығы мен жұрттың амандығын тілеп келген. Бүгінгі бейбіт өміріміз бен берекелі тірлігіміз – сол ізгі ниеттің жемісі.
Қадірлі жерлестер!
Халқымыздың мeрeйін өcіріп, терең тамырлы бірегей бoлмыcымызды aйшықтaйтын қacиeтті Нaурыз мейрамы eлімізгe, әрбір oтбacынa шат-шадыман қуaныш, ырыс пен құт-бeрeкe, баянды бaқыт пeн мoлшылық әкeлcін! Жастарымыз жігерлі, ел болашағы нұрлы, өңіріміз өркендей берсін!
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз құтты болсын, ағайын!
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрдәулет Қилыбай