Маңғыстау облысы әкімінің 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Маңғыстау облысы әкімінің 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Ардақты аналар, қадірлі әжелер, аяулы апа-қарындастар!

Сіздерді көктемнің көркіне айналған, мейірім мен махаббаттың мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әйел – өмірдің мәні мен сәні, отбасының берекесі, ұлттың ұйытқысы. Сіздердің мейірімдеріңіз бен жан жылуларыңыз әр шаңыраққа шаттық сыйлап, қоғамымыздың дамуына қуат береді. Ана тәрбиесімен сусындаған ұрпақ – ел болашағының берік негізі.

Қазақ халқы қашанда анасын ардақтап, қызын құрметтеген. Ұлттық салт-дәстүрді, рухани құндылықтарды сақтап, ұрпақ санасына сіңіруде сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің қоғамдағы орны мен рөліне әрдайым жоғары баға беріп келеді. Бүгінде нәзік жандылар еліміздің барлық саласында табысты еңбек етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосуда.

Маңғыстау өңірінің өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға белсенді атсалысып жүрген қыз-келіншектеріміздің еңбегі қашанда құрметке лайық.

Қымбатты аналар мен арулар!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке, өмірлеріңізге қуаныш пен мол бақыт тілеймін. Әр күніңіз шуақты, әр сәтіңіз шаттыққа толы болсын!

Ізгі ниетпен,
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрдәулет Қилыбай