Маңғыстауда Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы сөзі өңірлік зиялы қауыммен талқыланды

Маңғыстауда Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы сөзі өңірлік зиялы қауыммен талқыланды

Бүгін, 30 қаңтар күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзін талқылау мақсатында өңірлік зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиын барысында Президенттің қоғамды жаңғырту, ұлттық бірегейлікті нығайту, әлеуметтік әділеттілік пен жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру жөніндегі негізгі бастамалары кеңінен толқыланды.

Кездесуді ашқан облыс әкімі Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамалар ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайтынын атап өтті.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты маңызды реформалар мен стратегиялық міндеттерді белгіледі. Бүгін сол бастамаларды өңір деңгейінде талқылап, нақты жоспарлар әзірлеу үшін бас қосып отырмыз. Қазіргі таңда ел дамуы жолындағы реформалар нақты нәтижелерін беріп келеді. Экономикалық өсім, халықтың әл-ауқатының артуы, өмір сүру сапасының жақсаруы – соның айғағы. Бұл жұмыстарға зиялы қауым өкілдерінің қосар үлесі зор, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Жиында Маңғыстаудың жерасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу, мәдениет пен өнерді дамыту, рухани құндылықтарды сақтау, «Таза Қазақстан» бастамасын іске асыру, отаншылдықты нығайту, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, энергетика, логистика және көлік инфрақұрылымын жетілдіру, парламенттік реформалар жайында ойлар ортаға салынды.

Зиялы қауым өкілдері Мемлекет басшысы көтерген идеялардың өзектілігін атап өтіп, оларды өңірлік деңгейде іске асыру тетіктері жөнінде пікір алмасты.

Жиын қорытындысында қатысушылар Ұлттық құрылтайда айтылған басымдықтар Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына серпін беретінін айтып, ұсыныстар мен бастамаларды алдағы уақытта бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

#Ақтау #ДостықҮйі #ЗиялыҚауым #Маңғыстау #Қазақстан2026 #ҰлттықҚұрылтай #МемлекетБасшысы #Актау #Жиын #ЕлБолашағы