«Электоралдық принциптер — сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбында мазмұнды әрі танымдық іс-шара өтті

«Электоралдық принциптер — сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбында мазмұнды әрі танымдық іс-шара өтті

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Ақтау қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Электоралдық принциптер — сайлаушы сенімінің негізі» тақырыбында мазмұнды әрі танымдық іс-шара өтті.
Кездесу барысында сайлау комиссиялары қызметінің негізгі Стратегиялық қағидаттарының бірі — заңның үстемдігіне ерекше назар аударылды. Аталған қағидат бүкіл сайлау жүйесінің негізі болып табылады және сайлаудың Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес әрі ашық түрде өткізілуінің кепілі саналады.
Іс-шараның спикерлері ретінде Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Елубай Абилов және комиссия төрағасының орынбасары Жармағанбет Айтуаров хабарлама жасады. Спикерлер қолжетімді форматта оқушыларға сайлау процесіндегі заңның үстемдігі нені білдіретінін, сайлаудың барлық кезеңдерінде заңнама талаптарының сақталуы азаматтардың сеніміне қалай әсер ететінін, сондай-ақ сайлаушыдан бастап сайлау комиссиясының мүшесіне дейінгі электоралдық процеске қатысушылардың әрқайсысының рөлі қандай екенін түсіндірді.
Сонымен қатар заңның азаматтардың сайлау құқықтарын қалай қорғайтынына және жастардың құқықтық сауаттылығы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңызды шарты екеніне ерекше көңіл бөлінді.
Осындай іс-шаралар жастардың сайлауға деген саналы көзқарасын қалыптастыруға, демократиялық рәсімдердің маңызын түсінуге және сайлау институтына деген сенімді нығайтуға ықпал етеді. Кездесу болашақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру жолындағы маңызды қадам болып, оқушылардың сайлау құқығы тақырыбына шынайы қызығушылық танытқанын көрсетті.