
Бүгін, 23 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «OzenMunaiProm» ЖШС мен Medal Group компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында инвесторлар Жаңаөзен қаласында газпоршеньді электр станциясын жаңғырту және кеңейту жобасы, қаланың энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға, өндірістік инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын құруды көздейтін жобаларын таныстырды.
Компания өкілдері ұсынылған жобалардың өңір экономикасына ықпалы, заманауи технологияларды қолдану және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде мәлімет берді.
Өңір басшысы энергетика мен өндіріс салаларының стратегиялық маңызын атап өтіп, облыс әкімдігі өңір дамуына оң әсер ететін бастамаларды заң аясында қолдауға дайын екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысында тараптар жобаларды тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықтап, өзара ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі