Облыс әкімдігінде Power China компаниясының энергетика және сумен жабдықтау жобалары таныстырылды

Облыс әкімдігінде Power China компаниясының энергетика және сумен жабдықтау жобалары таныстырылды

Бүгін, 20 қаңтар күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Power Construction Corporation of China (Power China) компаниясының өкілдерін қабылдады.

Кездесу барысында Маңғыстау облысында энергетика және сумен жабдықтау салаларындағы әлеуетті инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Компания өкілдері энергетика, су ресурстары, коммуналдық инфрақұрылым және экология бағыттарындағы жобаларды жүзеге асыру тәжірибесін бөлісті.

Power China – энергетика, инфрақұрылым және экология салаларында ірі жобаларды іске асыратын әлемдегі жетекші инжинирингтік компаниялардың бірі. Компания Қазақстан нарығында 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді және бүгінгі таңда еліміздегі электр энергетикасы саласындағы ірі қытайлық мердігерлердің қатарында. Қазақстандағы келісімшарттардың жалпы көлемі 6,5 млрд АҚШ долларынан асады.

Кездесуде өңір басшысы энергетика мен сумен жабдықтау салаларының Маңғыстау үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті.

– Энергетика мен сумен жабдықтау – Маңғыстау үшін аса маңызды салалар. Егер ұсынылған жобалар өңірдің тұрақты дамуына, инфрақұрылымды жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етсе, біз заң аясында жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.



Кездесу қорытындысында тараптар ұсынылған жобаларды бірлесіп пысықтау және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жөнінде уағдаласты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі