ОБЛЫС ӘКІМІ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ОБЛЫС ӘКІМІ ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмов «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында жеке азаматтарды онлайн қабылдады. Әкімнің жеке қабылдауына өз мәселесімен бірнеше азамат қатысты.
Отбасында бірнеше мүгедек азаматты өсіріп отырған Ақтау қаласының тұрғыны облыс әкімінен тұрғын үй алуға көмек сұрады. Ол бүгінгі күнге дейін пәтер кезегінде 195 -ші болып тұрған. Мәселені жан -жақты қараған аймақ басшысы отбасыға бір бөлмелі пәтер беруге шешім қабылдады.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамыту үшін сатып алынған өзінің заңды аумағына әскерилер ортақтасып жаттығулар өткізетініне шағымданған тұрғын мен онкодиспансерде есепте тұрған Бейнеу ауданының тұрғыны қажетті дәрі-дәрмекті Ақтау қаласынан қатынап алатынын айтып мәселе көтерген тұрғындар болды.
Өңір басшысы жауапты тұлғаларға жағдайды анықтап, қысқа мерзімде заңнама аясында осы мәселелерді шешуге қолдау көрсетуді тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі