СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен күрестің өзекті тақырыптары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға жаңа өзгерістер, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің сыйлықтар алуына тыйым салу мәселелері талқыланды.

Облыс көлемінде сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыруда сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін жағдайларды жою және олардың жолын кесу іс-шараларын ұйымдастыру туралы Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Айдос Хамиев баяндама жасады. Осындай фактілерді азайту мақсатында өңір біртіндеп электрондық сауда алаңдарына (ЭСА) көшуі мүмкін. Энергетика және ТКШ басшылығының айтуы бойынша 2020 жылдың соңына қарай өңірде сатылатын отынның барлық көлемінің 25% - ы ЭСА арқылы жіберілетін болады. Бір жағынан, бұл процесті мүмкіндігінше ашық етеді, екінші жағынан, бұл газ бағасының негізсіз көтерілуіне ықпал етуі мүмкін. Сондықтан осы жағдайда С.Трұмов ҚР Энергетика министрлігіне қажетті ұсыныстар жібере отырып, бағаларды реттеу мәселесін қарастыруды ұсынды. Сондай-ақ, өңір басшысы кәсіпкерлердің қатысуымен газ комиссиясының отырыстарын ашық өткізуді айтты.
Сонымен қатар жиын барсында, білім саласында сыбайлас жемқорлықты төмендетуге бағытталған іс-шаралар туралы білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев айтып берді. Оның айтуынша ашық жұмыс жасайтын басқарма жұмысын барынша жетілдіру, дамыту керек. Мысалы, білім беру мекемелерінің директорлары лауазымына қабылдау халық үшін ашық жүргізілмек.

Отырыс барысында Маңғыстау облысының полиция органдары мен жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды. Басқарма басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды іске асыру және жер учаскелерін бөлу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, сондай-ақ жер учаскелерін ұрлау және заңсыз бөлінген жерлерді мемлекетке қайтару фактілері туралы баяндады.

Комиссия отырысы барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізудің, оның ішінде кез келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында ашықтық және ашық қағидаттарын кеңінен енгізудің маңыздылығы атап өтілді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі