МАҢҒЫСТАУ САБЫНЫ САУДА СӨРЕЛЕРІНДЕ

МАҢҒЫСТАУ САБЫНЫ САУДА СӨРЕЛЕРІНДЕ

29 жастағы көпбалалы ана Гүлзия Қойлығулова Мұнайлы ауданы, Маңғыстау-1 ауылының тұрғыны. Ол нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бизнес идеяны іске асыру бағыты бойынша оқуға қатысты. Бастапқыда Гүлзияның ойы балаларға арналған атракцион ашу болатын. Оқу барысында маркетингтік талдау, сұраныс деген ұғымдарды үйреніп ойын күрт өзгертеді. Ол күнделікті шығыны қай нәрсеге кететінін анықтай келе кір сабын жасау бизнесіне тоқталған. Қажетті құрал жабдықтарын алып, сабынды шығаратын және кесетін құрылғыларын сатып алады. Бүгінде Гүлзия Атамекен ауылында орналасқан кішігірім цехта күніне 2000 жуық кір сабын шығарып отыр. Дайын өнімдерін ауданның орталық базарына, қала супермаркеттеріне жеткізіп отыр.

«Менің бір айдағы таза табысым 100 мыңға дейін жетеді. Ендігі жоспар кір сабыннды кетпіретін және сыртын қаптап шығаратын құрылғыларды алғым келеді. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы осындай ерекше кәсіптің ашылуына септігін тигізгеніне риза боламын. Білікті мамандарымыздың кәсіптің негіздеріне үйретіп, бағыт бергені қуантады»,- деді кәсіпкер Гүлзия Қойлығулова.