Ақтауда МАЭК кәсіпорнына 20 автобус табысталды

Ақтауда МАЭК кәсіпорнына 20 автобус табысталды

Бүгін, 12 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай «МАЭК» ЖШС-не 20 дана заманауи үлгіде жасақталған автобус кілттерін салтанатты түрде табыс етті.

Yutong маркалы көліктер заманауи жабдықтармен қамтылған: кондиционерлер, қуатты жылыту жүйелері, бейнебақылау камералары және жайлы орындықтар орнатылған. Әр автобустың сыйымдылығы – 39+1 орын. Мамандардың айтуынша, жаңа техника жоғары маневрлігімен және сенімділігімен ерекшеленеді. Жоспар бойынша жаңа автобустар жаңа жылдан бастап тұрақты маршруттарға шығарылады. Көліктер жергілікті бюджет есебінен сатып алынды.

Аймақ басшысы кәсіпорын қызметкерлерін жаңа техниканың берілуімен құттықтап, оның еңбек өнімділігін арттыруға және қызметкерлердің жайлы әрі қауіпсіз тасымалын қамтамасыз етуге қызмет ететінін атап өтті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі