
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары барысында әкімнің жеке қабылдауына кезектілік тәртібімен жазылған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйіне барып, мәселелерін тыңдады.
Бұл қабылдау – бұған дейін тұрғындармен өткен кездесуде халықтың әлеуметтік осал топтарына өзі барып қабылдайтынын айтқан уәдесінің орындалуы.
Кездесу барысында азаматтар қолжетімді орта қалыптастыру, көпқабатты үйлердің төменгі қабаттарына көшіру, үй жағдайында күтім көрсететін арнайы әлеуметтік қызметшілерді көбейту сияқты мәселелерді көтерді. Әсіресе арбаға таңылған азаматтарға тұрғын үй қабаттарының қолайсыздығы мен күнделікті қозғалыс қиындықтары ерекше проблемалар тудырып отырғаны айтылды.
Кездесу барысында облыс әкімі тиісті басқарма мен қала әкімдігіне тұрғын үй, әлеуметтік көмек, инватакси қызметін кеңейту және қолжетімді орта қалыптастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі