Нұрдәулет Қилыбай бірқатар еңбек адамдарына мемлекеттік наградаларды табыстады

Нұрдәулет Қилыбай бірқатар еңбек адамдарына мемлекеттік наградаларды табыстады

10 желтоқсан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын табыстау рәсімі өтті.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкес өңірдің дамуына айрықша үлес қосқан азаматтар «Құрмет» орденімен, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына қосқан еңбектері үшін бірқатар азаматтарға ҚР Премьер-Министрінің Алғыс хаттары берілді.

Жиында облыс басшысы қатысушыларды құттықтап, ел дамуына үлес қосқан азаматтар еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін мемлекетіміздің өркендеуіне және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтардың еңбегі лайықты түрде бағаланып отыр. Тәуелсіздік жылдары атқарған еңбектеріңіз өңірдің өсіп-өркендеуіне зор серпін берді. Сондықтан бұл марапат сіздерге толықтай лайық деп есептеймін. Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі