
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары барысында 300-ден астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау кезінде қала тұрғындары негізінен жұмыссыздық, тұрғын үй, аппаттық жағдайдағы баспана, денсаулық сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, жол, құрылыс, кәсіпкерлік және еңбек даулары сияқты әлеуметтік бағыттағы мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, облыстық басқармалар мен қалалық әкімдікке нақты тапсырмалар жүктелді.
Аймақ басшысы тұрғындардың өтініштері заң аясында қаралып, әр мәселе жеке бақылауға алынатынын атап өтті.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі