Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданы тұрғындарымен кездесуінен кейін 100-ден астам азаматты жеке мәселесі бойынша қабылдады.

Аудан тұрғындары жер қатынастары, тұрғын үй алу, денсаулық сақтау, жұмыссыздық және еңбек даулары секілді өзекті мәселелерін көтерді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, тиісті басқармалар мен аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар берілді.

Аймақ басшысы тұрғындардың өтініштері заң аясында қаралып, әр мәселе жеке бақылауға алынатынын атап өтті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі