Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, одан кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдау кезінде аудан тұрғындары жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй және жер қатынастарына қатысты өз өтініштерін жеткізді. Сондай-ақ инфрақұрылым мен басқа да өзекті мәселелер көтерілді.

Аймақ басшысы әр азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, жауапты мемлекеттік органдар мен аудан әкімдігіне нақты тапсырмалар берді. Барлық көтерілген мәселелер заң шеңберінде қаралып, бақылауға алынатыны айтылды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі