Маңғыстау облысының әкімі Германия Республикасының Бас консулымен кездесті

Маңғыстау облысының әкімі Германия Республикасының Бас консулымен кездесті

Бүгін, 5 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Германия Федеративтік Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маттиас Кислермен кездесті. Жиында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында облыс әкімі Маңғыстау өңірінің географиялық орналасуы мен көлік-логистикалық әлеуеті, сондай-ақ туризм, өңдеу өнеркәсібі салаларындағы мүмкіндіктер туралы айтты.

«Маңғыстау облысы – инвестиция салуға қолайлы аймақ. Біз логистикалық және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделіміз. Германия біздің өңір үшін маңызды экономикалық серіктес болып саналады», – деді облыс әкімі.

Өз кезегінде Маттиас Кислер Германияның Қазақстанмен, соның ішінде Маңғыстау облысымен экономикалық, технологиялық және экологиялық бағыттарда бірлескен жобаларды дамытуға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Кездесу өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге және екі тарап арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған пікір алмасумен аяқталды.

Айта кетейік, бүгінде Маңғыстау облысында германиялық капиталдың қатысуымен экономиканың әртүрлі салаларында 20-дан астам кәсіпорын тіркелген. 2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы мен Германия арасындағы сыртқы сауда айналымы 12,4 млн АҚШ долларын құрады. Оның ішінде экспорт көлемі – 370 мың АҚШ доллары, импорт – 12,1 млн АҚШ доллары.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі