"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек іс-сапармен Маңғыстау облысына келді. Жұмыс барысында «Каз Азот» кәсіпорнында болып, партия мүшелерімен кездесті.

«Қаз Азот»  зауыты - бұл  қазақстандық ауыл шаруашылығымен айналысушылар минералды тыңайтқыш ретінде кеңінен пайдаланатын аммиак пен амииак селитрасын өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын. Оның қызметі Ауыл шаруашылығын дамыту үшін озық технологияларды енгізумен тікелей байланысты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру үшін жобалық қуатын жылына 400 мың тонна минералды тыңайтқышқа дейін ұлғайта отырып, зауытты жаңғырту жоспарлануда.

«Мен кәсіпорын ұжымына Елбасы бастамашылық еткен «bizbirgemiz» республикалық акциясына қатысқаны үшін ризамын. Пандемия кезінде  «Қаз азот» қызметкерлері облыстың ауруханалары мен стационарларында оттегі баллондарын толтыруды қамтамасыз етіп, өз үлестерін қосты», - деп атап өтті Б.Байбек.

 

Бұдан кейін Б.Байбек қоғамдық белсенділермен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және праймериз қатысушыларымен кездесті. Кеңес барысында «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға арналған аймақтық сайлауалды бағдарламасының жобасы талқыланды. Жиында  Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов баяндама жасап, өткен ішкі партиялық іріктеудің қорытындылары туралы айтып берді.

 

«Партия мүшелерімен кездесуде праймериз қатысушылары 770 ұсыныс қабылдады, олардың көпшілігі әлеуметтік салаға қатысты: білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, шағын және орта бизнес және ауыл шаруашылығы. Сайлау алдындағы бағдарлама облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын тұрақты жақсартуға бағытталған.

Бағдарламаның негізгі кезеңдеріне келетін болсақ, бірінші кезекте адамдарды жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды", - деді С. Трұмов

Б.Байбек өз кезегінде бұл ұсыныстардың барлығы партияның сайлауалды бағдарламасында ескерілетінін атап өтті. Оның 411-і бағдарлама жобасына енгізілді. Сондай-ақ, сапар барысында «Nur Otan»  партиясы төрағасының бірінші орынбасары облыстық онкологиялық орталықтың жаңа ғимаратында болды. Заманауи диагностикалық кешен  пайдалануға берілген соң онкологиялық ісіктерді ерте кезеңде анықтау және емдеу тиімділігін арттыруға ықпал етпек.

Маңғыстау облысы әкімінің  баспасөз қызметі