
Ардақты ағайын, қадірлі маңғыстаулықтар!
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан – халқымыздың тарихындағы айрықша күн. Бұл – Қазақстанның дербес мемлекет ретінде өз жолын айқындап, тәуелсіздік пен егемендікке нық қадам басқан сәт. Республика күні – халқымыздың бірлігі мен елдік рухының, азаттыққа деген ұмтылысының мерекесі.
Тәуелсіздік жылдарында еліміз саяси тұрғыдан орнығып, экономикалық және әлеуметтік жағынан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстан – халықаралық беделі биік, аймақтық дамудың көшбасшыларының бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған жаңғыру бағыты – ел дамуының жаңа кезеңі. Президентіміз атап өткендей, әрбір азамат еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосқанда ғана халқымыздың болашағы жарқын болмақ. Бұл ортақ мақсат – бәрімізді біріктіретін ұлы мұрат.
Осы мерекелі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігі тұғырлы болсын!
Елдігіміз мәңгі, бірлігіміз берік болсын, қадірлі жерлестер!