Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесуден соң азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген тұрғындар жұмысқа орналасу, тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау, жер мәселесі, әлеуметтік қолдау және инфрақұрылымға қатысты өтініштерін жеткізді.

Аймақ басшысы әрбір азаматтың мәселесін жеке тыңдап, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді. Барлық өтініш заң аясында қаралатын болады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі