Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары азаматтарды жеке қабылдады

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары азаматтарды жеке қабылдады

8 қазан күні, Маңғыстау облысы әкімдігінің Азаматтарды қабылдау орталығында бекітілген кестеге сәйкес облыс әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Кездесу барысында өңір тұрғындарының жеке және ұжымдық сипаттағы өтініштері қаралды.

Келушілер негізінен еңбек ұжымдарындағы еңбек қатынастары, жұмыссыздық, денсаулық сақтау, спорт, ауыл ішіндегі әлеуметтік-инфрақұрылымды жақсарту сынды мәселелерін көтерді.

Кездесу барысында әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, көтерілген мәселелердің жедел әрі тиімді шешілуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.